25
декабрь
2024
№184 ЖББМ-тің педагогтеріне идея авторы- белгілі журналист Бейсен Құранбектің , сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызының «Ұстаз» фильмі көрсетілді.
№184 ЖББМ-тің педагогтеріне идея авторы- белгілі журналист Бейсен Құранбектің , сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызының «Ұстаз» фильмі көрсетілді. Бұл туындыда жас мұғалімнің туған ауылына оралуы, өзі білім алған мектепте жұмысқа орналасуы, оқушылармен байланысы, мұғалім беделін нығайтуға деген талпынысы, ұстаздықтың қиындығы мен қызығы көрініс тапқан. Сондай-ақ фильмде заманауи педагогиканың өзекті мәселелері де қозғалған.Фильмнің негізгі миссиясы – педагогтің тек мамандық емес екенін көрсету. Олардың қоғамдағы рөлін терең түсінуге, жас мұғалімдер үшін жауапкершілікті сезінуді үйретеді және мұғалім мамандығының беделін арттыруға әрі оның қоғамдағы орнын айшықтауға бағытталған ерекше фильм.