ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
06
февраль
2020

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ


Бір кездері қайғы, қастық, бәле, қаза деген нәрселерді білмейтін көңілі таза, тек жүрегінің түкпірінде сүюден басқаға орын жоқ – алдау, күндеу, айла  дегеннің не екенін білмейтін – жұмақ періштелері – мейірімді ана  құшағындағы сәбилеріміз, одан келе алдында толған мақсат, толған таңдауы  бар, жазғы гүлдей түрленіп, жастық пішіні сәуле шашып, жалыны бойға сыймай сырттан көрініп, қайрат-күші күн сайын артып тұратын және жас  көңілдері бақыттан бақытты таңдайтын жастарымыз қандай болып өсіп келеді? Ел тұтқасын берік ұстар азаматтарымыз бола ма, әлде мәңгүрттік  билеп кете ме деген сауалдар бүгінгі күн тәртібінде өткір тұрған мәселе  екендігін жасыра алмаймыз.
Егер жастарымыз жетістіктерге жетіп, ел мақтанышы болып жатса – біз  ризамыз, қуаныштымыз. Ал енді есірткінің, нашаның құрбаны болып  азғындап жатса, Сұлтанмахмұт Торайғыров қойған «Кім  жазықты?» деген  сұрақты бір-бірімізге қоятынымыз анық.
Кемеңгер ақын Абай қара сөздерінде «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым,  жақсы ата, жақсы ана, жақсы  құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген екен. Сондықтан да жас жеткіншектің парыз бен абыройды сезіне білетін, жеке  мақтаныш сезімі  мен  ұлттық мақтаныш сезімі  қалыптасқан  тұлға  ретінде   жан-жақты қалыптасып, дамуына ата-аналар да, ұстаздар да, қоғам да   бірдей жауапты десек, артық айтқанымыз болмас.

«Жастар арасында құқықбұзушылық, нашақорлыққа қарсы иммунитет  қалыптастыруда тәртіпбұзушылықтың алдын алу кеңесінің рөлі» деген  тақырыпта №184 жалпы білім беретін мектепте Алатау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Алтын Қызжанова және учаскелік инспектор, полиция капитаны Сырым Байтұрсын, «Теректі» ықшамауданы ақсақалдарының төрайымы А.Құдабаеваның, «SOS Детские Деревни Казахстана» ұйымының психологы Алина Аблееваның қатысуымен «дөңгелек үстел» болып өтті.
«Дөңгелек үстел» мақсатына сай мынадай міндеттерді шешу алға қойылды:
  1. Тәртіпбұзушылық жағдайларымен белсенді күрес жүргізудің қажеттілігіне оқушылардың көздерін жеткізу.
  2. Жас ұрпақ санасында салауатты өмір сүруді бекіту, нашақорлыққа қарсы қоғамдық пікір қалыптастыру.
№184 жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары «Жастар арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет  қалыптастыруда тәртіпбұзушылықтың алдын алу кеңесінің рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады. А.Әбілғалиева өз баяндамасында жастар арасында өріс алып отырған бұзақылық пен тәртіпбұзушылықтың көптеген себептеріне тоқтала отырып, басым көпшілігі педагогикалық тұрғыда  назардан тыс қалған, жағдайлары  төмен отбасынан шыққан оқушылармен қалай және қандай жұмыстардың  жүргізіліп, осы мәселелер мектепте қалай шешімін тауып отырғандығы  туралы әріптестерімен ой бөлісті. Тәртіпбұзушылықтың алдын алу  кеңесінің Алатау ауданы Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімімен бірігіп, ай сайын бір рет өткізіліп отырылатын отырыстары, рейдтері, семинар-тренингтері, конференциялары, «дөңгелек үстелдері» өз нәтижелерін беріп  отыратындығын атап  өтті. Сонымен  қатар, тәртіпбұзушылық пен оның алдын алу мәселелері бойынша Алатау ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы А.Қызжанова, «Теректі» ықшамауданының ақсақалдар төрайымы А.Құдабаеваның, «SOS Детские Деревни Казахстана» ұйымының психологы А.Аблеева сөз сөйлеп, нашақорлық, есірткілер, ал оларға тәуелділік   дегеніміз не және олар неліктен қауіпті деген сауалдар төңірегінде елеулі  мәселелер көтеріліп, адам жаны түршігерлік бейнематериалдар көрсетілді.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген «дөңгелек үстел» қонақтар мен оқушылардың және ата-аналардың ілтипатына ие болды.
Себебі, ерке өскен, бірақ нашақорлықтың құрбаны болған жас жеткіншектің ашық хаты, анасының  жалғыз баласын қорғап қалатын құралды, себепті іздеп зар жылауы, бір кездері ашық, жарқын, өмірге деген сүйіспеншілігі шексіз болып өскен нашақордың досының, сүйген қызының айтқан лебіздері «дөңгелек үстелге»  қатысушылардың қай-қайсысын болса да тебірентпей қоймады. Ашық сабаққа қатысушы жас жеткіншектердің санасында нашақорлық соңы өлімге әкелетін, ағзаның дене дамуы, психикалық қызметтері қайтып орнына  келмейтіндей өзгерістер тудыратынын, әсіресе, жасөспірімдер үшін қатерлі  екенін және нашақорлықты емдеу – науқас пен оның туған-туыстарынан,  кәсіби медицина мамандарынан орасан зор күш-қуат пен  қомақты   қаржылық шығынды қажет ететін, ұзақ та күрделі,  көп сатылы  үрдіс екендігі туралы түсініктің қалыптасқаны сөзсіз деп ойлаймыз.
– Сыр тапсам дүниеден ашылмаған,
Әлі  адамға білініп, шашылмаған.
Тапқан сырым көркейтсе адам өмірін,
Алғыс айтып, кім имес басын маған, – деп ақын С.Торайғыров жырлағандай,  тәрбиенің қыр-сырын терең меңгеріп, сырын ашқан тәжірибелі ұстаз, №184 жалпы білім беретін мектептің директоры  Р.Дайрбаева «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап  бере отырып, «дөңгелек үстел» жұмысын қорытындылады. Бойында абзал қасиеттері бар парасатты азаматты тәрбиелеу – қоғамның, сол қоғам мүшелері біздердің – ұстаздардың басты міндетіміз, парызымыз екендігін, сол жолда аянбай тер төгудің қажет екендігін ерекше  тебіреніспен атап өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: