25
февраль
2025
25 ақпан күні "Ауғанның отты жалыны"
№184 жалпы білім беретін мектепте 25 ақпан күні "Ауғанның отты жалыны" атты тақырыпта Ауған соғысы ардагерлері: "Намыс" қоғамдық бірлестігінің төрағасы- А.Айдаров, запастағы майор -М.Мырзалиев, аға сарбаз, ефрейтор-Ж.Шымырбаевтың қатысуымен 8-10 сынып оқушылары арасында кездесу кеші өтті. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету болып табылады. Оқушылар келген қонақтарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя отырып, тұшымды жауап алды. Кеш соңында оқушылар өз өнерлерін паш етті.