Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2026

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 110 ЖЫЛ

 ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 110 ЖЫЛ Биыл қазақ руханиятының көрнекті өкілі, абайтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, ғалым, жазушы, драматург Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толып отыр (1916–2004). Қайым Мұхамедханов – Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын зерттеп, жүйелеп, ұрпаққа аманаттаған ұлы тұлға. Ол Абайдың ақын шәкірттерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, абайтану ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ұлт мүддесі жолында қайсарлық танытып, саяси қуғын-сүргінді бастан өткерсе де, рухынан таймаған қайраткер ретінде тарихта қалды. Ғалымның бай мұрасы – бүгінгі және келер ұрпақ үшін сарқылмас қазына. Қайым Мұхамедхановтың есімі – адалдықтың, ғылымға беріктіктің және ұлттық рухтың символы. 🕊 Ұлы тұлғаның рухына тағзым!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: