22
январь
2026
«Буллингке жол жоқ!» акциясы өтті
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Буллингке жол жоқ!» акциясы өтті «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушылар арасында буллингтің алдын алу мақсатында «Буллингке жол жоқ!» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсету, достық пен сыйластықты сақтау туралы ойларымен бөлісті. Аталған шара қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды. Буллингке жол жоқ! Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!