08
апрель
2026
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
📅 08.04.2026№184 жалпы білім беретін мектепте
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
11-сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді.
📚 Тақырыбы:
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы:
жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар»
Сынып сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Оқушылар Конституцияның негізгі қағидаттарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік пен «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
🇰🇿 Білімді ұрпақ – ел болашағы!