15
апрель
2026
«Балалар әдебиеті – тәрбие өзегі: театр арқылы ұрпақты тәрбиелеу»

Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №184 жалпы білім беретін мектебімізде ерекше мазмұнды «Балалар әдебиеті – тәрбие өзегі: театр арқылы ұрпақты тәрбиелеу» атты қалалық семинар өтті! 🌟
Бүгін мектебіміз жай ғана білім ордасы емес, нағыз өнер мен ертегілер мекеніне айналды. 🧚♂️✨
Кеш барысында не болды?
📖 Әдебиет әлемі: Балалар әдебиетінің інжу-маржандары сахнада жан бітіп, көрерменді сиқырлы әлемге жетеледі.
🎭 Сахналық шеберлік: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» және т.б. қойылымдар арқылы оқушыларымыз нағыз актерлік шеберліктерін көрсетті.
💃 Би шашу: Ортада мың бұралған бишілер кештің сәнін кіргізді.
🎤 Ұстаздар үні: Семинардың ең әсерлі сәті – мектеп ұстаздарының орындауындағы әсем ән болды. 🎶
Бұл шара – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпақты кітапқа, өнерге баулудың нағыз үлгісі болды. Қатысқан барлық қонақтарға, ұйымдастырушы ұстаздар мен өнерпаз оқушыларымызға алғыс айтамыз!