16
сентябрь
2025
"Саналы азамат" бағдарламасы
«Саналы азамат» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар барысында қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін негізгі себептер жан-жақты талқыланып, талдау жасалды. Жиын барысында жемқорлықтың алғышарттары ретінде азаматтардың құқықтық сауаттылығының төмендігі, мемлекеттік қызмет алудағы бюрократиялық кедергілер, әлеуметтік теңсіздік және қоғамдағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттеріне деген моральдық төзімділік секілді факторлар атап өтілді. Қатысушылар жемқорлықпен күресу тек жазалаумен шектелмей, ең алдымен әрбір саналы азаматтың бойында парақорлыққа қарсы ішкі мәдениет пен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру арқылы жүзеге асатынын алға тартты. Іс-шара соңында құқықтық мемлекет құру жолындағы азаматтық жауапкершілікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, жемқорлықтың алдын алудың тиімді тетіктері түсіндірілді.