24
апрель
2026
Аудандық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан 2 орынға ие болдық!

Жеңіс тұғырынан көріндік! 🥈
Біздің мектебіміздің мақтанышы, 8 «А» сынып оқушысы Есен Мұхаммед кезекті додада жүлделі ІІ орынға ие болды! 🏆
Мұхаммед өзінің білімі мен табандылығының арқасында жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті. Бұл — ұзақ дайындық пен еңбектің жемісі.
Мұхаммедті және оның ата-анасын, жетекшілерін осы айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Шәкіртімізге алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз. Тек алға! 🚀