28
май
2026
«Мектепке — естелік, табиғатқа — сый»: Түлектер ағаш екті!

🌳 «Мектепке — естелік, табиғатқа — сый»: Түлектер ағаш екті!
Мектебімізде игі дәстүрге айналған «Түлектердің ағаш егуі» атты республикалық экочелленджі өтті. Бұл шара — үлкен өмірге қадам басқалы тұрған 11-сынып оқушыларының алтын ұя мектебіне деген құрметі мен табиғатқа деген аялы алақанының белгісі.
🌱 Акцияның мәні: Әрбір егілген көшет — түлектердің мектепке қалдырған тірі естелігі. Жылдар өтіп, бұл ағаштар тамыр жайып, саялы баққа айналғанда, бүгінгі түлектер мектебіне сағынышпен келіп, өздері еккен «өмір ағашын» көре алады.