Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Аудандық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан 2 орынға ие болдық!
24
апрель
2026
Аудандық "Жігіт сұлтаны - 2026" байқауынан 2 орынға ие болдық!
Жеңіс тұғырынан көріндік! 🥈 Біздің мектебіміздің мақтанышы, 8 «А» сынып оқушысы Есен Мұхаммед кезекті додада жүлделі ІІ орынға ие болды! 🏆 Мұхаммед өзінің білімі мен табандылығының арқасында жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін үстем етті. Бұл — ұзақ дайындық пен еңбектің жемісі. Мұхаммедті және оның ата-анасын, жетекшілерін осы айтулы жеңіспен құттықтаймыз! Шәкіртімізге алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды тілейміз. Тек алға! 🚀
«Ата-ана жауапкершілігі — балалар қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
23
апрель
2026
«Ата-ана жауапкершілігі — балалар қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында
Мектебімізде «Ата-ана жауапкершілігі — балалар қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға арнайы қонақ ретінде Алатау ауданы Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Нұрбек Айза қатысты. 👮‍♂️ Жиналыс барысында полиция капитаны ата-аналарға келесі маңызды мәселелерді түсіндірді: Құқықтық жауапкершілік: Көмескі уақытта балалардың көшеде заңды өкілсіз жүруінің салдары (ҚР ӘҚБтК 442-бабы); Құқық бұзушылықтың алдын алу: Жасөспірімдер
Республикалық "Әбіш оқулары" байқауы
22
апрель
2026
Республикалық "Әбіш оқулары" байқауы
Құттықтаймыз! Республикалық "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңінде "Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу" бағыты бойынша  жүлделі 3 орынға ие болған №184 ЖББМ оқушысы Сүйіндік Ақтілекті құттықтаймыз!
«Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен  «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді
21
апрель
2026
«Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы
Бүгін мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен  «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді. Аталған шараға #184 ЖББМ оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Жаттығудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын!  #ЧемпиондықРухАлматы #AlmatyEduSport
Жеңіс — жүйріктер мен мықтылардың еншісі! 🏆🥇
20
апрель
2026
Жеңіс — жүйріктер мен мықтылардың еншісі! 🏆🥇
Жеңіс — жүйріктер мен мықтылардың еншісі! 🏆🥇 Біздің мектептің спортшылары кезекті белесті бағындырды! Жалпы қалалық және аудандық спорт шараларына қатысып, жүлделі орындармен оралған чемпиондарымызды қарсы алыңыздар! Спорт — бұл тек күш емес, бұл — темірдей төзім мен жеңіске деген шексіз құштарлық. Біздің оқушылар тек өздерінің физикалық дайындығын ғана емес, мектебіміздің намысын биік ұстай алатын нағыз мінездерін көрсетті.
“Stars of Almaty” ағылшын тіліндегі драма фестивалінде 🥇 I дәрежелі дипломмен марадпатталы!
17
апрель
2026
“Stars of Almaty” ағылшын тіліндегі драма фестивалінде 🥇 I дәрежелі
✨ Жетістікке толы сәт! ✨ Мектебіміздің оқушылары “Stars of Almaty” ағылшын тіліндегі драма фестивалінде 🥇 I дәрежелі дипломмен марадпатталы! Бұл жеңіс – оқушылардың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ жетекші ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Сіздерге фестивальдегі қойылымнан шағын үзіндіні ұсынамыз 🎭 👏 Қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
"Тортай мінер ақ боз ат" сахналық қойылымы
16
апрель
2026
"Тортай мінер ақ боз ат" сахналық қойылымы
Мектебіміздің "Шабыт" театр ұжымының орындауында Оралхан Бөкейдің шоқтығы биік шығармасы, "Тортай мінер ақ боз ат"
«Балалар әдебиеті – тәрбие өзегі: театр арқылы ұрпақты тәрбиелеу»
15
апрель
2026
«Балалар әдебиеті – тәрбие өзегі: театр арқылы ұрпақты тәрбиелеу»
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №184 жалпы білім беретін мектебімізде ерекше мазмұнды «Балалар әдебиеті – тәрбие өзегі: театр арқылы ұрпақты тәрбиелеу» атты қалалық семинар өтті! 🌟 Бүгін мектебіміз жай ғана білім ордасы емес, нағыз өнер мен ертегілер мекеніне айналды. 🧚‍♂️✨ Кеш барысында не болды? 📖 Әдебиет әлемі: Балалар әдебиетінің інжу-маржандары сахнада жан бітіп, көрерменді сиқырлы әлемге жетеледі. 🎭 Сахналық шеберлік: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» және т.б. қойылымдар арқылы
«Балдырған» — білім мен тәрбие бұлағы 📚✨
14
апрель
2026
«Балдырған» — білім мен тәрбие бұлағы 📚✨
Тақырыбы: «Балдырған» — білім мен тәрбие бұлағы 📚✨ Бүгін мектебімізде 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Балдырған — менің сүйікті журналым» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің символына айналған басылымның тарихымен танысып, оның қызықты айдарларын талқылады. 📖 Балалар журнал беттеріндегі жұмбақтарды шешіп, ребустардың жауабын тапты және өздерінің алғашқы шығармашылық жұмыстарын ортаға салды. ✨ Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру, ана
"Ертегілер әлемінде" атты дөңгелек үстел өткізілді
13
апрель
2026
"Ертегілер әлемінде" атты дөңгелек үстел өткізілді
23 СӘУІР Дүниежүзілік кітап күні кітапхананың онкүндігі аясында "Ертегілер әлемінде" атты дөңгелек үстел өткізілді