"Отбасы " хрестоматиясынан келген дінтанушы, логотерапевт Айбек Нәби мұғалімдерге семинар өткізді » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы " хрестоматиясынан келген дінтанушы, логотерапевт Айбек Нәби мұғалімдерге семинар өткізді
28
май
2019

"Отбасы " хрестоматиясынан келген дінтанушы, логотерапевт Айбек Нәби мұғалімдерге семинар өткізді

28 мамыр күні №184 жалпы білім беретін мектепте мектеп мұғалімдерінің пед ұжымының қатысуымен "Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының мүшесі дінтанушы Әділбек Нәбидің жүргізуімен семинар өтті. Семинар –тренингтің тақырыбы: "Отбасының мәні."
Семинардың мақсаты: бала тәрбиесі, соның ішінде суицид, қыз балалардың түсік жасатуы, жастардың ажырасуы туралы мәселелердің алдын-алу, соған қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу туралы сынып жетекшілер мен педагогтарға толық ақпарат беру.
Әділбек Нәби қазақтың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарының шығуына себеп болған аңыздар мен қисса-дастандарды жинақтаған тұлға, "Отбасы хрестоматиясы" этнопедагогика ғылымына қызығатын мектеп оқушыларына, студенттерге және ізденуші ғалымдарға арналған бірнеше оқулық авторы.
Семинар-тренинг барысында өмірден түңілудің себептері мен негіздері, өмірінің құнсызданып, өзінің заттанып бара жатқанын байқаса, суицид жасауға бейім тұрады екен.Демек, себеп-жүз түрлі, негіз- біреу. Осы орайда жүз түрлі себепті іштей білетін рухы мықты жасөспірімдерді тәрбиелеуде қисса құндылығы туралы айтылды.Тұлға болып қалыптасуға адамның тегі әсер ете ме, тәрбиесі әсер ете ме? "Сол дедім бе, Сол"! "Құлпынай тәжірибесі", редукционизм, соматикалық, психофизикалық, ноологикалық, логотерапия немесе өмірге құштарлық деген сияқты маңызды мәселе төңірегінде сөз қозғалды.
Психологияның үш мектебі: Зигмунд Фрейд "Рахаттану принципі", Альфред Адлер"Әлеуметтік мәртебе принципі", Виктор Франкл "Хикмет принципі- мәнге талпыну" адамды тануға ұмтылыстың негізі екені айтылды.
Адамның болмысының терең қатпарына сүңгіп, ондағы махаббат, ар-ұят, жауапкершілік, еркіндік феномені сияқты нәзік сезімдерге назар аударып, терең ойлар қозғаған керемет бас қосу болды. 
Мән-мағынасы зор дәрістен алған әсеріміз де, түйгеніміз де баршылық.
"Отбасы хрестоматиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Құдияр Бағдат Болатұлы мен қоғамдық қорының мүшесі Әділбек Нәбиге шексіз алғысымызды білдіреміз.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: