"Жаңартылған білім беру аясында білім сапасын көтерудегі топтық жұмыстың тиімділігі" атты аудандық семинар. » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаңартылған білім беру аясында білім сапасын көтерудегі топтық жұмыстың тиімділігі" атты аудандық семинар.
02
май
2019

"Жаңартылған білім беру аясында білім сапасын көтерудегі топтық жұмыстың тиімділігі" атты аудандық семинар.

Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі- еліміздің болашағы .Еліміздің өркен жайып кеңге құлаш сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі . Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология негіздері болып табылады. Алматы қаласы №184 жалпы білім беретін мектепте 30 сәуір күні "Жаңартылған білім беру аясында білім сапасын көтерудегі топтық жұмыстың тиімділігі" атты тақырыпта аудан білім бөлімінің жоспарына сәйкес аудандық семинар өткізілді. Аудандық семинардың басты мақсаты: ортақ мақсатқа жету жолындағы оқушылардың топтық жұмыста жалпы ұйымдастырушылық және өзін- өзі ұстау дағыдыларын қалыптастыру, белсенділікке үйрету , шығармашылық қабілетін шындай отырып жеке тұлғаны қалыптастыру .Семинарда білікті іс-тәжірибесі мол ұлағатты ұстаздарымыз әртүрлі тақырыптарда ашық сабақтар , коучингтер , мастер класстар өтті . Семинарда Аудандық білім бөлімінің басшысы Айгул Жумабековна және Алатау ауданы мектептерінің басшыларының , сонымен қатар Ауған соғысының ардагерлері АА.Р.Айдарбаев пен Е.К.Канатов қатысуымен мектебімізде «Даңқ» мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Сонымен қатар 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне орай Ассамблея өтті. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ел екенімізді айқындайтын ауқымды іс-шара жалғасын тапты.Аудандық семинарда келген мектеп басшылары мен білім бөлімі басшысы Айгүл Жумабековна жаңа мектеп қабырғасында «Гүлдер шеруі» , «Ұлы даланың шеберлері», «Біздің вернисаж» атты көрмелермен танысты . «Біздің вернисаж» атты көрмені талантты оқушыларымыз өздері салған туындыларымен таныстырып өтті . «Ұлы даланың шеберлер» атты көрме қазақ халның ұлттық өнерінен сыр шертетін қолдан жасалған құнды бұйымдардан құралған . «Гүлдер шеруі» атты көрме сұлулық пен нәзіктіктен құралған, жаңашылдыққа , ізденімпаздыққа , жаңа идеялардың туындауына себеп болар өнерлі ұстаздарымыздың аянбай еңбектеніп жасаған көпшілікті тамсандырған туындыларының бірі болды .Семинарда оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетті .«СТВ» телеарнасының қызметкері Мәди Шыңғыс мектебімізде өткен ауданаралық семинарды арнайы түсірілім жасап , Аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Жұмабековна және ауған соғысы ардагері Алмасбек Рахымкулович , зейнеткер аяулы ұстаздарымыздан арнайы сұхбат алды . 30 сәуір күні ауданаралық семинар «СТВ» телеканалынан көпшіліктің назарына ұсынылды.






























Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: