Пед чтение » КГУ «Общеобразовательная школа №184» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
январь
2020

Пед чтение

06 қаңтар 2020 жылы №184 жалпы білім беретін мектепте «ХХІ ғасырдағы білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» атты мектепішілік Педагогикалық оқулар өтті. Мектепішілік шараға мектеп ұжымы толық қатысты. Конференцияда ұстаздар өз іс-тәжірибелерін ортаға салып, ой бөлісті. Атап айтар болсақ, мектептегі тәрбие жұмысы бағыты бойынша Естаева Л. «Формы работы с родителями в современном контексте», Жрауова А. «Ата-аналармен жұмыс жүргізудің жаңа форматы» тақырыбында баяндама жасады. Бастауыш буында білім беру бағыты бойынша Серяпова Н.Г. «Адаптация первокласников к школе», Баққараева М. «Критериалды бағалау арқылы сабақта оқушы ынтасын арттыру жолдары» тақырыбында баяндамалар оқылды. Жалпы орта білім беру бағыты бойынша Таубаева Ф.Ж. «Оқу мен оқытуда музыканың оқушы іс-әрекетіне әсері», Қалдыбек А «Ранее обучение физике», Зульярова Г.Б. «Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің жүйесі» тақырыбында баяндамалары тыңдалып, тыңдармандар тарапынан қызу талқыға түсті. Талқылау соңында мектеп ұжымы төмендегідей қорытындыға келді: ХХІ ғасырдағы білім беру
- Ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- Жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын ойлау әрекетін белсендіруге;
- Оқушының сабақта мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық іс-әрекетінде өзін-өзі бақылау жасауға;
- Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: