Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп асханасын тексеру туралы (23.01.2026)
23
январь
2026
Мектеп асханасын тексеру туралы (23.01.2026)
Біздің қатысуымызбен, комиссия мүшелері: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Жолсейітова,Қожамқұлова Ұ.А.,  мектеп медбикесі А.Джуманова,  ата-ана Намазбаева Б. ата-ана Қалдарбекова Б.,әлеуметтік педагог Абдирова П.Т.  қатысуымен төмендегі   мазмұнда  акт    жазылды: Мектеп асханасын тексеру мақсаты: Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың  құрамын, салмағын ас мәзіріне сай дайындалуын тексеру, өлшеп көру. Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау
«Буллингке жол жоқ!» акциясы өтті
22
январь
2026
«Буллингке жол жоқ!» акциясы өтті
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Буллингке жол жоқ!» акциясы өтті «Заң мен тәртіп» жобасы аясында оқушылар арасында буллингтің алдын алу мақсатында «Буллингке жол жоқ!» атты акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсету, достық пен сыйластықты сақтау туралы ойларымен бөлісті. Аталған шара қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталды. Буллингке жол жоқ! Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!
Аудандық "Үздік тәлімгер" байқауынан жүлделі орынға ие болды
21
январь
2026
Аудандық "Үздік тәлімгер" байқауынан жүлделі орынға ие болды
Мектебіміздің аға тәлімгері Изтлеуова Аида Барлыбайқызы аудандық деңгейде өткен «Үздік тәлімгер» кәсіби шеберлік байқауына қатысып, жарқын жеңіске жетті. Өз ісінің маманы ретінде білім беру мен тәрбие саласындағы озық әдіс-тәсілдерін, шығармашылық әлеуетін және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білген әріптесіміз қазылар алқасының шешімімен жүлделі 1-орынды иеленді. Мектеп ұжымы мен шәкірттер атынан жеңімпазды лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық
«Заң мамандықтары» атты іс-шара өтті
19
январь
2026
«Заң мамандықтары» атты іс-шара өтті
«Заң мамандықтары» атты іс-шара өтті 2026 жылғы 19 қаңтар күні мектепте барлық оқушыларды қамтыған «Заң мамандықтары» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара прокуратура, сот, полиция және басқа да мамандандырылған қызмет өкілдерімен кездесу форматында өтті. Кездесу барысында заң саласының қызметкерлері өз мамандықтарының ерекшелігі, жауапкершілігі, қоғамдағы маңызы туралы кеңінен айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Шараның мақсаты – оқушыларға заң саласындағы мамандықтар
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті
19
январь
2026
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті Мектепте «Заң және тәртіп» бағыты аясында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениет, заңды сақтау, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу мәселелері талқыланды. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қауіпсіз орта қалыптастыру.
«Мейірімді жүрек» акциясы (19.01.2026)
19
январь
2026
«Мейірімді жүрек» акциясы (19.01.2026)
«Мейірімді жүрек» акциясы 1-4 сынып аралығында өткізілді. Акцияның мақсаты оқушыларды қамқорлыққа, сыйластыққа, қоғамдағы мұқтаж жандарға қол созу және әрқашан көмектесу, адамгершілік көзқарасын қалыптастыру. Іс-шараға сынып жетекшілер,мектеп әкімшілігі, ата-аналар белсенді қатысты. Қайырымдылыққа жиналған азық-түлік, оқу құралдары, ойыншықтар, үй тазалауға арналған химиялық заттар жағдайы төмен отбасыларға және жалғызбасты және көпбалалы аналарға берілді. Балалар жасаған игі істерінің