Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жетістігімді еліме арнаймын» атты мектепшілік челленджі
29
декабрь
2025
«Жетістігімді еліме арнаймын» атты мектепшілік челленджі
Мектепте өткізілген «Жетістігімді еліме арнаймын» атты мектепшілік челленджге 5 «В» сынып оқушылары ерекше белсенділік танытып, атсалысты. Сынып оқушылары өздерінің оқудағы озаттығын, спорттық белестерін және өнер саласындағы жеңістерін бейнелейтін мазмұнды роликтер дайындап, әрбір жетістіктерін Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде ұсынды. Шара барысында 5 «В» сыныбының оқушылары біртұтас ұжым ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мектептің әлеуметтік желілеріндегі
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеші өтті
23
декабрь
2025
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеші өтті
2025 жылдың 23 желтоқсанында мектеп жоспарына сәйкес 1-11 арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен театрландырылған қойылымдар көрсетіп, жаңа жылдық әндер мен билерін тарту етті, сондай-ақ түрлі шығармашылық байқаулар мен қызықты ойындарға белсене қатысты. Мерекелік шара оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұжымдық ауызбіршілігін нығайтуға мүмкіндік берді және қауіпсіздік ережелері толық сақталып,
«Психология – ғажайып әлем» апталығы басталды!
22
декабрь
2025
«Психология – ғажайып әлем» апталығы басталды!
«Психология – ғажайып әлем» апталығы басталды!  Бүгін мектебімізде Психологтар апталығы ерекше жылулықпен өз шымылдығын ашты  Психологтар әр оқушы мен ұстазға күн мен жүрек бейнесінде,  сәтті күн,  жақсы көңіл күй,  жылы эмоциялар тіледі. Алда баршаңызды  маңызды әрі қызықты тренингтер,  көңілді үзілістер,  достық пен қолдауға толы кездесулер күтіп тұр! Психология – бұл тек ғылым емес, ол – жүрекке жол табу, өзіңді және өзгелерді түсіну өнері  Бізбен бірге болыңыз, ғажайып әлемге қадам басыңыз!