Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті
19
январь
2026
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті
«Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өтті Мектепте «Заң және тәртіп» бағыты аясында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениет, заңды сақтау, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, өз құқықтары мен міндеттерін білу мәселелері талқыланды. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қауіпсіз орта қалыптастыру.
«Алтын түлек» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
17
октябрь
2025
«Алтын түлек» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі
«Алтын түлек» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі 2025 жылғы 17 қазан күні 10–11-сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтап, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Нәтижесінде төмендегі оқушылар аудандық (өңірлік) кезеңге өтті: • Данабек Бағжан • Манат Ерхан • Шәзікен Елжас • Ақшабай Наргиза Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!  Келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
“Тұмау” тыныс алу жолдарының ауыр вирустық инфекциясының алдын алу мақсатынды түсіндіру жұмыстары жүргізілді
07
октябрь
2025
“Тұмау” тыныс алу жолдарының ауыр вирустық инфекциясының алдын алу
“Тұмау” тыныс алу жолдарының ауыр вирустық инфекциясының алдын алу мақсатынды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп медбикесі А.Джуманова сыныптарға кіріп тұмаудың белгілері мен алғашқы белгілері кезінде алдын алу шараларымен таныстырылды.
«Отбасым бақыт мекенім !» танымдылық сабақ өтті.
25
сентябрь
2025
«Отбасым бақыт мекенім !» танымдылық сабақ өтті.
№184  жалпы  білім беретін мектептің  кітапханасында  2 «Ә» сынып оқушыларымен «Отбасым бақыт мекенім !» танымдылық сабақ өтті. Сынып  жетекшісі: Молдахулова Мархабат АмантаевнаМақсаты: Отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіну. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету .Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Қорытынды: Отбасына  байланысты  салынған суреттеріне оқыған өлеңдеріне және ән айтқандары үшін кітапхана меңгерушісі өзінің сыйлықтарын табыстады.
Мектеп ішінде “Сенім жәшігі» қолдау алды
21
апрель
2025
Мектеп ішінде “Сенім жәшігі» қолдау алды
№ 184 ЖББМ  тәуекел топтағы балалар анықталып, тәуекел тобындағы оқушылардың жағымды мінез-құлқын мадақтау, жетістіктерін атап өту мақсатында үйірмелерге, спорттық, шығармашылық шараларға қатыстырылды. Мектеп ішінде “Сенім жәшігі» қолдау алды. Қауіпсіздік шаралары бейнебақылау, кіру тәртібі, кезекшілік кестесі, қауіпсіздік ережелері туралы оқушыларды ақпараттандыру шаралары өткізілді. 1-8 сынып оқушылары арасында «үй-мектеп-үй» қауіпсіз маршруттары жасалған.
мектеп инспекторы  А.Мухидинмен бірлесе отырып, мектепте  құқықбұзушылық деңгейін төмендету және алдын алу мақсатында кешенді талдау жұмыстары
21
апрель
2025
мектеп инспекторы А.Мухидинмен бірлесе отырып, мектепте
2024-2025 оқу жылында  мектеп инспекторы  А.Мухидинмен бірлесе отырып, мектепте  құқықбұзушылық деңгейін төмендету және алдын алу мақсатында кешенді талдау жұмыстары жүргізілді.  Қылмысқа бейім және құқықбұзушылықтарға жиі жол беретін оқушылардың тізімін жасау үшін,  оқушылардың   арасында тәртіп бұзу, сабақтан жиі қалатындар анықталып,  тізімі  жасалды.
мектеп инспекторы А.Мухидин мен полиция лейтенанты Е.Кұскеев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында есепте тұрған жасөспірімдерге қатысты бірқатар бірлескен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
21
апрель
2025
мектеп инспекторы А.Мухидин мен полиция лейтенанты Е.Кұскеев
№184 ЖББМ -те 2024-2025 оқу жылында мектеп инспекторы А.Мухидин мен полиция лейтенанты Е.Кұскеев кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында есепте тұрған жасөспірімдерге қатысты бірқатар бірлескен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылар мен олардың ата-аналарына  «Әкімшілік құқықбұзушылық» туралы  ҚР-ның   Заңдарымен   таныстырып, жасөспірімдердің қылмысқа тартылуының алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімесулер жүргізілді.
"Өрт қауіпсіздігінің ережелері" туралы қауіпсіздік сабағы өтті.
21
апрель
2025
"Өрт қауіпсіздігінің ережелері" туралы қауіпсіздік сабағы өтті.
№184 ЖББМ -тің 7-8 сынып оқушыларына 21 сәуір күні  "Өрт қауіпсіздігінің ережелері" туралы қауіпсіздік сабағы өтті.   Өрт   оқиғаларының алдын алу мақсатында оқушыларға бейнематериалдар арқылы  түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.  
Алматы қаласының Полиция департаментінің  қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Айдарханов Ерболат Айдарханұлы  8-10 сынып оқушыларына  құқықтық сауаттылықты арттыру  мақсатында  жиналыс
18
апрель
2025
Алматы қаласының Полиция департаментінің қылмысқа қарсы күрес
№184 ЖББМ- те  2025 жылы 18 сәуір күні  Алматы қаласының Полиция департаментінің  қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Айдарханов Ерболат Айдарханұлы  8-10 сынып оқушыларына  құқықтық сауаттылықты арттыру  мақсатында  жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Е.Айдарханов  оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, атап айтқанда буллинг, ақша жинау, қорқытып-үркіту, бұзақылық  және басқа да заңсыз әрекеттердің алдын алу туралы,  балалардың құқықтары мен міндеттері туралы  түсінік берді.
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер” номинациясы бойынша
17
апрель
2025
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер”
“Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған “Алматы BALAFEST-2025” фестивалі аясында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында өткен “Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер” номинациясы бойынша №184 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған “Жалын” тобы квартет І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталып, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Сулейменова Данара Жансеитовна.