“КҮЗГІ АСАР” ЖӘРМЕҢКЕСІ
“КҮЗГІ АСАР” ЖӘРМЕҢКЕСІ Бүгін мектебімізде ерекше көңілді, дәмге толы және ұлттық рухы жоғары “Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті! Бұл шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұйымшылдығын арттыру және қазақтың қонақжайлық дәстүрін дәріптеу. 5-сыныптар — “Ұлттық тағамдар” тақырыбында бауырсақ, шелпек, қымыз, жент сынды дәстүрлі ас түрлерін ұсынды. 6-сыныптар — “Дәмді Қазақстан” жәрмеңкесінде еліміздің әр өңіріне тән тағамдарды таныстырып, көрермендерді дәм сапарына шақырды.