Алматы қаласы Білім басқармасының
"№184 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3-88-40-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 3-08-08-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер” номинациясы бойынша
17
апрель
2025
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер”
“Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған “Алматы BALAFEST-2025” фестивалі аясында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында өткен “Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Вокалдық өнер” номинациясы бойынша №184 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған “Жалын” тобы квартет І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталып, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Сулейменова Данара Жансеитовна.      
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Хореография” номинациясы бойынша
17
апрель
2025
“Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Хореография”
“Халықаралық балаларды қорғау күні” мерекесіне арналған  “Алматы BALAFEST-2025” фестивалі аясында Алатау ауданының мектеп оқушылары арасында өткен “Жұлдызды сәт” музыкалық-шығармашылық бағытының “Хореография” номинациясы бойынша №184 жалпы білім беретін мектеп оқушыларынан құралған “Арнай” би тобы І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталып, байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Сәттілік тілейміз! Жетекшісі: Садвакасова Арнай Серикбаевна.
"Менің Қазақстаным"  бойынша  әр дүйсенбі күндері   сабақ басталар алдында   ҚР Мемлекеттік Гимн орындалады.
17
апрель
2025
"Менің Қазақстаным" бойынша әр дүйсенбі күндері сабақ басталар
Мектепте "Менің Қазақстаным"  бойынша  әр дүйсенбі күндері   сабақ басталар алдында   ҚР Мемлекеттік Гимн орындалады. Бұл – оқушылардың елімізге деген патриоттық сезімді нығайтудың маңызды дәстүрі, Отанға деген сүйіспеншілігін  қалыптастыру болып табылады.
« Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбы аясында оқушылардың  үзіліс уақытын тиімді пайдалану
17
апрель
2025
« Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбы аясында оқушылардың үзіліс
№184 ЖББМ-те « Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбы аясында оқушылардың  үзіліс уақытын тиімді пайдалану  мақсатында    шахмат, асық ату, тоғызқұмалақ  сияқты ұлттық ойындар ойнатылды.  Бұл шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Балалар белсенді қатысып, достық қарым-қатынасты нығайта түсті.  
№184 ЖББМ-те Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат» атты эссе жазу байқауы өткізілді
16
апрель
2025
№184 ЖББМ-те Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы
2025 жылдың 16 сәуір күні,   №184 ЖББМ-те Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат» атты эссе жазу байқауы өткізілді. Аталған іс-шараға 8-10 сынып оқушылары белсене қатысып, өз шығармаларында Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен тарихи тағылымын, соғыс ардагерлерінің ерлігін жүректерінен өткізген толғанысты ойларымен жеткізе білді. Эссе жазу арқылы оқушылар өз отбасыларындағы майдангер аталарының немесе тыл ардагерлерінің өмірі мен ерлік істері жайлы жазып, олардың
І қалалық “Күй-көмбе”байқауы
16
апрель
2025
І қалалық “Күй-көмбе”байқауы
Әлшекей Бектібайұлы атындағы дәстүрлі өнерді дамыту қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен  мамандандырылған өнер мектептері мен орта мектептердің домбыра үйірмелеріне қатысатын оқушылары арасында өткен жас күй орындаушылардың І қалалық “Күй-көмбе”байқауының 11-14 жас санатында өнер көрсеткен №184 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Қуаныш Арсен ІІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.Жетекшісі: Койшибаева Зейнеп Сагиевна. Құттықтаймыз!!!
"Ашық есік күні"  аясында мектеп оқушылары жергілікті әскери бөлімге экскурсияға барды
15
апрель
2025
"Ашық есік күні" аясында мектеп оқушылары жергілікті әскери бөлімге
№184 ЖББМ -тің 10 сынып оқушыларын АӘД пәнінің мұғалім Р.Сапаров  15 сәуір күні "Ашық есік күні"  аясында мектеп оқушылары жергілікті әскери бөлімге экскурсияға барды. Іс-шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру және Қарулы Күштердің жұмысымен жақынырақ таныстыру. Оқушыларға әскери бөлімнің құрылымы, сарбаздардың күнделікті өмірі мен жауынгерлік дайындықтары таныстырылды. Сонымен қатар, олар әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерін көріп,
*Разработка материалов по тематике разнообразия в инклюзии: создаем мир, где все важны!*
15
апрель
2025
*Разработка материалов по тематике разнообразия в инклюзии: создаем
  Согласно проекту «Единство DIVERSITAS» КГУ «ОШ №184»  *Разработка материалов по тематике разнообразия в инклюзии: создаем мир, где все важны!*    Важность *разнообразия инклюзии* в образовательном процессе невозможно переоценить! Каждый ребенок уникален, и наша задача — создать условия, где *каждый будет чувствовать себя частью единой команды, независимо от различий.*    *Что мы делаем?*   *Создаем специальные материалы*: книги, игры, видеоролики и методички, которые помогают детям и взрослым
Шахматтан жарыс
14
апрель
2025
Шахматтан жарыс
2025 жылы  Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Осы айтулы күнге орай, 14 сәуір күні денешынықтыру пәнінің мұғалімі А.Мансуров 5-6 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс ұйымдастырды.Жарыстың басты мақсаты:  оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шахматқа деген қызығушылықты арттыру және соғыс ардагерлерінің ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды. Бұл шара жас буынның Ұлы Жеңіске деген құрметін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес
"№184 Жалпы білім беретін мекемеде "Мен ғарышқа ұшамын" атты 12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай
14
апрель
2025
"№184 Жалпы білім беретін мекемеде "Мен ғарышқа ұшамын" атты 12
Бүгін "№184 Жалпы білім беретін мекемеде "Мен ғарышқа ұшамын" атты 12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушылары Кожамкулова Ұ.А. мен Кожбанова Б.М және де сынып жетекшілері Нысанова Қ.Қ., Бурумбаева Ф.Б., Павленко Л.В., Жумакаева С.Ж., ұйымдастыруымен өткен көрмеге 4 сынып оқушылары белсене қатысты. Олар ғарыш туралы ойларын, фантазияларын қағаз бетіне салып, картон мен пластиктен неше түрлі макеттер жасап әкелді. Балаларымыздың ойлары шексіз екеніне көзіміз жетті.